ҒИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛУ ИЗОЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ – ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ СТРАТЕГИЯСЫ

Authors
Date
2025ISBN
978-601-08-5373-7Abstract
Бұл мақалада ғимараттардың жылу оқшаулауын энергия үнемдеудің тиімді
тәсілі ретінде қарастырылады. Органикалық, бейорганикалық, біріктірілген және заманауи
технологиялық шешімдер, соның ішінде вакуумдық оқшаулау панельдері, аэрогельдер және
фазалық ауысу материалдары сияқты әртүрлі оқшаулау материалдары талданады. Олардың
жылулық және механикалық қасиеттері, экономикалық тиімділігі мен қоршаған ортаға әсері
қарастырылады. Жылу оқшаулаудың энергия тұтыну мен парниктік газдар
шығарындыларын айтарлықтай төмендету әлеуетін растайтын зерттеу нәтижелері
ұсынылған. Сондай-ақ өмірлік цикл шығындарын ескере отырып, оқшаулау қалыңдығының
оңтайлы мөлшерін анықтау әдістері қарастырылады. Жаңа оқшаулау технологияларының даму перспективалары мен олардың құрылыс саласына интеграциясы ерекше назарға
алынған. Алынған мәліметтер ғимараттарды жобалау кезінде энергия үнемдеу шешімдерін
таңдауға негіз бола алады.
