Abstract:
Бұл мақалада химияны оқытуда STEM технологиясын пайдаланудың
әдістемелік аспектілері қарастырылады. STEM әдістерінің химия пәніне ықпалы және дәстүрлі
сабаққа қарағандағы әсері талданады. Әдеби шолу барысында STEM білім беру
тұжырымдамасының негізгі теориялық негіздері сипатталып, оны химия сабақтарында
қолдану тәжірибелері қарастырылды. Сондай-ақ STEM технологияларын енгізу барысында
кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланады. Мақала STEM тәсілінің
химияны оқытудағы тиімділігін дәлелдейтін заманауи зерттеулерге сүйене отырып, болашақта
зерттеуді қажет ететін бағыттарды айқындайды.