Аннотации:
Білім беруді цифрландыру үдерісі болашақ мұғалімдерді даярлауда машиналық оқыту (ML)
мен жасанды интеллект (AI) технологияларын қолданудың маңызын арттырып отыр. Бұл
мақалада High-Touch High-Tech моделі информатика пәні мұғалімдерін заманауи
технологиялық ортада оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу
барысында жоғары технологиялық құралдар мен машиналық оқытуды High-Touch High-Tech
(HTHT) моделі негізінде қолдану тәжірибесі зерделенеді. Бұл модельде оқытушының жеке
қолдауы мен бейімделетін жасанды интеллект жүйелері өзара үйлесімді түрде біріктіріледі.
Мұндай қосарланған тәсіл болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін тереңдетіп,
студенттердің оқу процесіне қызығушылығын арттыруға, оқу нәтижелерін жақсартуға және
оқу бағдарламасын машиналық оқытудың нақты өмірлік міндеттерімен үйлестіруге мүмкіндік
береді.