Аннотации:
Бұл ғылыми жұмыс Android операциялық жүйесіне арналған мобильді қосымшаның
«Алгоритмдеу және бағдарламалау» курсын меңгеруге әсерін талдауға арналған.
Зерттеудің мақсаты – мобильді қосымшаның студенттердің оқу жетістіктеріне ықпалын
анықтау және оны қолданудың тиімділігін бағалау.
Зерттеу барысында дәстүрлі оқыту мен мобильді технологияларды пайдаланудың
салыстырмалы талдауы жүргізілді. Зерттеу қорытындылары бойынша мобильді
қосымшалар білім беру ресурстарын дамытуға үлес қоса алады.