Abstract:
Қазіргі ақпараттық технологиялар цифрлық қоғамның дамуында маңызды
рөл атқарады. Атап айтқанда, машиналық оқыту және жасанды интеллект әртүрлі процестерді
автоматтандырудың негізгі құралдарына айналуда. Ойын-сауық индустриясында да осы
технологиялар қолданушыларға жекелендірілген ұсыныстар беру үшін кеңінен қолданылады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – машиналық оқытуға негізделген интеллектуалды
ұсыныс жүйесін әзірлеу. Бұл жүйе қолданушының қызығушылықтарын ескере отырып, оларға
сәйкес фильмдерді ұсыну арқылы таңдау үдерісін жеңілдетеді.