Аннотации:
Цифрлық дәуірде жекелендірілген мазмұнды ұсынатын жүйелер көптеген
салаларда, соның ішінде электрондық коммерция, ағындық платформалар және электрондық
кітапханаларда маңызды рөл атқарады. Чат-боттар контекстінде мұндай жүйелер
пайдаланушылардың сұраныстарын түсініп, олардың қажеттіліктеріне сәйкес жауаптар
ұсынуға көмектеседі. Табиғи тілмен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерінің дамуына байланысты
интеллектуалды алгоритмдер негізінде пайдаланушы тәжірибесін жақсартатын, жауаптардың
сапасын арттыратын және ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдететін шешімдерді құру өзекті
мәселе болып отыр.
Жұмыстың мақсаты – пайдаланушылардың сұраныстарын талдау және олардың жеке
қалауларына бейімделе отырып, сапалы жауаптар ұсынатын терең оқытуға негізделген чат-бот
үлгісін жасау.