Аннотации:
Бұл мақалада өнеркәсіптік тапсырмалар үшін роботты көру жүйелерінде қолданылатын
машиналық оқытудың заманауи әдістеріне кешенді талдау берілген. Зерттеу бірнеше өзекті
ғылыми жұмыстарды қамтып, осы саланың дамуының негізгі тенденциялары мен
перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Үш негізгі аспектке назар аударылады:
нейрондық желі архитектурасы, арнайы деректер жиынтығы және есептеу процестерін
оңтайландыру әдістері. Күрделі объектілерді (шағылысатын және деформацияланатын беттерді)
өңдеуге арналған шешімдерді, нақты уақыттағы жұмысқа қойылатын талаптарды және
өнеркәсіптік робототехникалық кешендермен интеграциялау мәселелерін талдау ерекше мәнге
алынды.