Abstract:
Бұл мақалада кескіндердегі статистикалық стегоанализдеу әдістері
қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі стеганализ алгоритмдері мен әдістерінің жұмыс істеу
принциптері берілген. Әртүрлі стеганализ әдістерінің тиімділігіне және олардың шектеулеріне
көп көңіл бөлінеді. Кескіндегі жасырын ақпаратты анықтаудағы статистикалық стегоанализдің
әдістеріне төменгі биттік талдау, хи-квадрат әдісі, RS талдауы және тағы да басқа әдістер
жұмыста көрсетілген.