Abstract:
Бұл мақалада Wi-Fi желісіндегі рұқсатсыз қосылған құрылғыларды
автоматты түрде анықтау жүйесі қарастырылады. Жүйе желідегі құрылғыларды бақылап,
белгісіз MAC-адрестерді сенімді құрылғылар тізімімен салыстырады. Егер рұқсат етілмеген
құрылғы анықталса, әкімшіге Telegram API арқылы жедел хабарлама жіберіледі. Python және
Scapy құралдарының көмегімен жүзеге асырылған бұл жүйе ARP және DHCP сұраныстарын
пайдаланып, желідегі құрылғылардың белсенділігін талдайды. Сонымен қатар, Kali Linux
негізінде қауіпсіздік тесттері жүргізіліп, желінің қорғаныс деңгейі бағаланады. Ұсынылған
шешім ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін Wi-Fi инфрақұрылымының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жүйенің функционалын кеңейту мақсатында болашақта жасанды интеллектті
қолдану арқылы құрылғылардың мінез-құлқын талдау мүмкіндігі қарастырылады.