Аннотации:
Мақалада ағылшын көркем әдебиетіндегі бейвербалды қарым-қатынастың
рөлі және әдеби мәтіндерді түсінудегі маңыздылығы қарастырылады. Ернест Хемингуэйдің «A
Farewell to Arms» романының мысалдары негізізінде бейвербалды элементтер, яғни дене тілі,
мимика мен жесттердің кейіпкерлердің эмоциялық жағдайларын және ішкі дүниелерін ашудағы
маңызы зерттеледі. Мақала бейвербалды қарым-қатынастың әдеби мәтіндерде терең әрі
көпқабатты бейнелер жасауға арналған негізгі құрал ретіндегі рөлін, сондай-ақ оның
шығармалардың эмоционалдық және психологиялық атмосферасын қалыптастырудағы
маңыздылығын анықтайды.