Аннотации:
Бұл мақалада көркем әдебиетті оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту
құралы ретінде қолдану мәселесі қарастырылады. Ғылыми әдебиеттер мен практикалық
тәжірибе негізінде ағылшын тілі сабақтарында әдеби жанрларды қолданудың әдістемелік
тәсілдері ашылып көрсетіледі. Сондай-ақ, оқушылардың сенімді ауызекі сөйлеу, сыни ойлау
және оқу үдерісіне эмоционалды тартылуын қалыптастыруға көмектесетін нақты
тапсырмалар мен әдістер сипатталады.