Астана мысалында көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстардың ерекшеліктері

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Астана қаласында көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу кезінде геодезиялық
жұмыстардың маңызы зор. Құрылыс алаңының геодезиялық зерттеулері жер бедерінің
ерекшеліктерін, топырақтың құрамын және инженерлік желілердің орналасуын анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл зерттеу Астанадағы көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу барысында
жүргізілетін геодезиялық жұмыстардың ерекшеліктерін қарастырады. Жер бедерін өлшеу,
құрылыс алаңын дәл белгілеу, деформациялық бақылау және геодезиялық қадағалау әдістері
зерттеледі. Жұмыстардың сапалы орындалуы құрылыс нысандарының тұрақтылығы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
