МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА AR ЖӘНЕ VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Мақалада математика пәнін оқыту процесінде қосымша шындық (AR) және
виртуалды шындық (VR) технологияларын қолданудың маңызы қарастырылады. AR және VR
технологиялары оқу материалын көрнекілендіруді күшейтіп, оқушылардың пәнге
қызығушылығы мен қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіні қазіргі зерттеулерде
көрсетілуде [1]. Мақалада осы технологиялардың көмегімен математикалық абстрактылы
ұғымдарды түсіндіру, оқу үдерісіне енгізілген нақты қолданбалар мен сценарийлер
мысалдары талданады. Сондай-ақ AR/VR пайдаланудың педагогикалық артықшылықтары
мен қиындықтары, әлемдік және Қазақстан тәжірибесінен алынған деректер негізінде
талқыланады. Жұмыстың негізгі мақсаты – қосымша және виртуалды шындық құралдарын
математика сабақтарында тиімді қолдану мүмкіндіктерін айқындап, оларды білім беру
жүйесіне интеграциялау бойынша ұсыныстар беру.
