ZABBIX ПЛАТФОРМАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕЛІНІ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ: ІСТЕН ШЫҒУ УАҚЫТЫН АЗАЙТУ

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Мақалада Zabbix мониторинг жүйесінің желілік жабдықтар мен серверлік
инфрақұрылым күйін бақылаудағы функционалдық мүмкіндіктері сипатталады.
Платформаның негізгі компоненттері ретінде телеметриялық деректерді жинау, ескерту
тетіктерін баптау, көрсеткіштерді графиктік түрде ұсыну және түрлі байланыс хаттамаларын
қолдау мүмкіндіктері талданады. Әсіресе Zabbix жүйесінің желілік интерфейстерді, трафик
көлемін және жүйелік ресурстардың жүктемесін бақылаудағы тиімділігіне ерекше назар
аударылады. Сонымен қатар, маршрутизаторлар арасындағы резервтік байланыс арналары бар
телекоммуникациялық желіде Zabbix жүйесін енгізу тәжірибесі сипатталады. Зерттеу
нәтижесінде Zabbix жүйесінің желілік ақауларды нақты уақыт режимінде жедел анықтап,
олардың параметрлік динамикасын визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік беретіні дәлелденді.
Бұл жүйе түрлі масштабтағы кәсіпорындар үшін сенімді және тиімді мониторингтік шешім
ретінде қарастырылуы мүмкін, себебі ол қараусыз уақытты азайтуға және инфрақұрылымның
тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді.
