ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ESG ҚАҒИДАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Дата
2025-09-30ISBN
978-601-385-138-9Аннотации
Мақалада Қазақстан туризмін тұрақты дамытуда цифрлық
технологиялар мен ESG (экологиялық, əлеуметтік, корпоративтік басқару)
қағидаттарының өзара интеграциясының тиімділігі талданады. Зерттеудің
өзектілігі климаттық өзгерістер, əлеуметтік жауапкершілікке сұраныстың артуы
жəне цифрландырудың жеделдеуі сияқты жаһандық үрдістермен айқындалады.
Мақсат – цифрлық шешімдер (Big Data, ЖИ, смарт-платформалар, блокчейн) мен
ESG стандарттарын енгізудің саланың экономикалық, экологиялық жəне
əлеуметтік орнықтылығын күшейтетіні жөніндегі гипотезаны эмпириялық
негіздеу. Əдіснама ретінде кейс-стади жəне салалық деректерді талдау
қолданылды. Нəтижелер Қазақстанда eQonaq, Tax Free, ұлттық портал
Kazakhstan.travel, лицензиялау жəне инфрақұрылымдық цифрландыру сияқты
бастамалар туристік ағындарды басқару, ашықтық пен қызмет сапасын
жақсартатынын көрсетті; сонымен бірге деректердің бірыңғай экожүйесінің
жоқтығы, көлеңкелі қызметтер, ESG бойынша нақты құқықтық базаның əлсіздігі
шектеу ретінде айқындалды. Авторлар бірыңғай цифрлық платформа мен
мобильді қосымша əзірлеуді, «жасыл» стандарттарды жəне экосертификаттауды,
жергілікті қоғамдастықтардың қатысуын, кадрларды даярлауды, ұлттық
деңгейде тұрақты туризм стандарттарын бекітуді ұсынады. Қорытындысында
цифрлық технологиялар мен ESG-дің кешенді енгізілуі тұтынушы адалдығын,
операциялық тиімділікті жəне дестинациялардың бəсекеге қабілеттілігін арттыра
отырып, туризмнің ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ететіні
дəлелденеді.
