«ҚАЖСЕРВИС» ЖШС МЫСАЛЫНДА ЖОЛ-ПАЙДАЛАНУ ТЕХНИКАСЫН БАСҚАРУДАҒЫ СПУТНИКТІК МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҚТАРЫ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға жауапты
«ҚАЖсервис» ЖШС мысалында жол-пайдалану техникасының қызметін бақылау жүйелерінің
даму динамикасы мен қазіргі архитектурасына кешенді теориялық шолу жасалады. Автожол
желісінің ұлғаюы мен техникалық қызмет көрсету талаптарының артуы жағдайында базалық
GPS- трекингтен деректерге негізделген (data-driven management) телематикалық экожүйеге
көшу қажеттілігі негізделген. Флотты басқарудың халықаралық стандарттары негізінде жүйенің
функционалдық блоктары жүйеленіп, қазіргі бақылау инфрақұрылымының технологиялық
қалыптасу кезеңдері сипатталған.
Бастапқы деректерді талдау нәтижесінде технологиялық дисбаланс анықталды:
техниканың орналасуын бақылау деңгейі жоғары болғанымен, отын шығынын автоматты есепке
алу жүйелері мен кәсіпорынның ERP-жүйелері (1С) арасындағы интеграция деңгейінің
айтарлықтай артта қалуы байқалады. Әлемдік жол-пайдалану тәжірибесімен (Benchmarking)
салыстыру жүргізіліп, деректер интеграциясына кедергі келтіретін «ақпараттық аралдар» (data
silos) мен GSM-байланысы жоқ аймақтардағы мәселелер айқындалды. Зерттеу қорытындысы
бойынша жол техникасын пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін реактивті
бақылаудан проактивті (болжамдық) модельге көшудің стратегиялық маңызы дәлелденді.
