КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫН ҚОЙМАДАН БӨЛШЕК САУДА ДҮКЕНДЕРІНЕ ЖЕТКІЗУ ЛОГИСТИКАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Бұл мақалада күнделікті тауарларды қоймадан бөлшек сауда дүкендеріне
жеткізу логистикасын оңтайландыру мәселелері қарастырылады. Бөлшек сауданың қарқынды
дамуы тауарларды уақтылы және тиімді жеткізуді талап етеді. Логистикалық процестерді дұрыс
ұйымдастыру дүкендерде тауарлық-материалдық қорлардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз
етуге, шығындарды азайтуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында жеткізу жүйесінің негізгі элементтері талданды және тауарларды
қоймадан дүкендерге тасымалдауды тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Сондай-ақ жеткізу маршруттарын оңтайландыру, жеткізу аймақтарын дұрыс бөлу, сату
деректерін талдау және цифрлық технологияларды қолдану арқылы логистикалық процестердің
тиімділігін арттыру мүмкіндіктері зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде қоймадан дүкендерге жеткізу жүйесін тиімді ұйымдастыру көлік
шығындарын азайтуға, отын шығынын азайтуға және логистикалық операциялардың жалпы
тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды.
