ҚАЗАҚСТАНДА АСТЫҚТЫҢ КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛЫН ДАМЫТУ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада Қазақстан Республикасындағы астықты контейнерлік
тасымалдаудың дамуының қазіргі тенденциялары және олардың экспорттық логистиканың
тиімділігін арттырудағы рөлі қарастырылады. Қазақстан әлемдегі ірі астық өндіруші және
экспорттаушы елдердің бірі болып табылады, сондықтан көлік инфрақұрылымын және
логистикалық технологияларды жетілдіру аграрлық сектордың тұрақты дамуы үшін маңызды
мәнге ие.
Жұмыста теміржол көлігі арқылы астық жүктерін тасымалдаудың қазіргі жағдайына
талдау жүргізіліп, халықаралық тасымалдарда контейнерлік технологияларды қолданудың
ерекшеліктері зерттелген. Контейнеризацияның артықшылықтарына ерекше назар аударылған,
оның ішінде өнімнің сақталуын арттыру, логистикалық шығындарды азайту, жеткізу уақытын
қысқарту және экспорт географиясын кеңейту мәселелері қарастырылған.
