КОНТРЕЙЛЕРЛІК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІН ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада контрейлерлік тасымалдаудың әлемдік тәжірибесі мен оны
Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Контрейлерлік тасымалдау –
автомобиль көлігінің жартылай тіркемелерін теміржол платформаларында тасымалдауға
негізделген интермодальдық тасымал түрі ретінде сипатталады. Зерттеу барысында Қытай,
Қазақстан және Өзбекстан сияқты елдердегі контрейлерлік тасымалдың даму ерекшеліктері мен
логистикалық инфрақұрылымының жағдайы талданады. Сонымен қатар шекаралық
логистикалық орталықтардың, көлік дәліздерінің және интермодальдық терминалдардың
транзиттік әлеуетті арттырудағы рөлі қарастырылады.
Мақалада контрейлерлік тасымалдаудың экономикалық, экологиялық және
инфрақұрылымдық артықшылықтары көрсетіліп, оның көлік логистикасындағы бәсекеге
қабілеттілікті арттырудағы маңызы негізделеді. Теміржол және автомобиль көлігінің үйлесімді
жұмысын қамтамасыз ету арқылы тасымалдау шығындарын азайту, уақыт тиімділігін арттыру
және жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені төмендету мүмкіндіктері сипатталады. Сондайақ контрейлерлік платформалар мен терминалдық инфрақұрылымды дамытуға байланысты
инвестициялық шығындар мен жобалардың экономикалық тиімділігі қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері контрейлерлік тасымалдауды дамыту Қазақстанның халықаралық
көлік-логистикалық жүйесіне интеграциясын күшейтіп, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға
мүмкіндік беретінін көрсетеді.
