АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МИКРОМОБИЛЬДІЛІКТІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Автор
Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Астана қаласының мысалында көлік инфрақұрылымының тиімділігіне
микромобильділіктің әсері кешенді түрде талданады. Қалалық урбанизацияның өсуі мен автокөлік
санының артуы жол тығындарының көбейуіне және экологиялық жүктеменің ұлғаюына алып
келіп отырғаны қарастырылады. Зерттеу барысында микромобильділік (велосипед,
электросамокат және басқа жеңіл жеке көлік құралдары) қысқа қашықтықтағы сапарларда уақыт
үнемдеуге, кептелісті азайтуға және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік
беретіні дәлелденеді. Сонымен қатар, инфрақұрылымның фрагменттілігі, қауіпсіздік мәселелері,
маусымдық шектеулер және құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі негізгі кедергілер ретінде
анықталады. Микромобильділікті дамыту үшін тұтас веложелі құру, қауіпсіздік стандарттарын
күшейту, тұрақ инфрақұрылымын жетілдіру және қоғамдық көлікпен интеграциялау бойынша
ұсыныстар беріледі. Нәтижесінде, тиімді басқарылған жағдайда микромобильділік Астана
қаласының көлік жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыратын маңызды құрал екені
негізделеді.
