АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМДЕРДІ БАҚЫЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада тез бұзылатын тағам өнімдерін өндіру үдерісінде, басқарудың әртүрлі
кезеңдеріндегі тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында температуралық режимдерді бақылаудың
заманауи әдістері мен құралдары талданды. Өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу процестерін
ұйымдастыру барысында температураны өлшеу және бақылау жүйелері қоршаған орта мен өнімнің
өзіндегі температуралық параметрлерді үздіксіз қадағалауға бағытталуы тиіс екені көрсетілді.
Температуралық режимдерді тұрақты мониторингтеу өндірушіден тұтынушыға дейінгі оңтайлы
тоңазытқыш тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді, тәуекелдерді азайтып, сатылатын тағам
өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді. Әртүрлі температураны өлшеу және
бақылау әдістері мен құралдарын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін жинақтайтын
жүйелендірілген деректер ұсынылып, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттары сипатталды.
