ISO 9001/14001/45001 ЖӘНЕ ISO/IEC 17025: ҚАЗАҚСТАН МЕТАЛЛУРГИЯСЫНДА СӘЙКЕСТІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІКТЕРІ (KAZAKHMYS ЖӘНЕ KAZZINC КЕЙСТЕРІ)

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 және ISO/IEC 17025 стандарттарының
Қазақстан металлургия кәсіпорындарында сәйкестікті қамтамасыз етуге ықпалы талданады. Мақсат –
стандарт талаптарын өндірістік басқару процестерімен байланыстырып, екі кейс (Kazakhmys,
Kazzinc) арқылы олардың нақты басқарушылық нәтижелерін көрсету: сапаны тұрақтандыру,
сәйкессіздіктерді басқару (CAPA), сынақ нәтижелерінің сенімділігі, экологиялық және еңбек
қауіпсіздігі тәуекелдерін бақылау. Әдістер: құжаттық талдау және салыстырмалы кейстік талдау.
Нәтиже ISO жүйелері процеске кіріккенде ғана «сертификат» емес, өлшенетін тәртіп пен
дәлелдемелік базаны қалыптастыратын басқару құралына айналатынын көрсетеді. [1]
