АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНДА ОРТАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛМАЙТЫН ТІК ЖЕЛ ТУРБИНАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕРДІ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯСЫН ЖОБАЛАУ

Автор
Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада Астана қаласы жағдайында электромобильдердің жаппай енгізілуінің
электр энергетикалық жүйеге әсері қарастырылды. Есептік талдау нәтижесінде электромобильдер
санының артуы тәуліктік электр тұтынуды шамамен 30–40%-ға өсіретіні және басқарылмайтын
зарядтау режимінде кешкі шыңдық жүктеменің айтарлықтай ұлғаю қаупі бар екені анықталды.
Бұл тарату желілерін реконструкциялауды талап етеді.Баламалы шешім ретінде тік осьті жел
турбинасына негізделген локальді автономды зарядтау жүйесі ұсынылды. Есептеу нәтижесі
бойынша өндірілген энергияның шартты өзіндік құны 11,4 теңге/кВт·сағ құрап, орталық желі
тарифінен шамамен 40%-ға төмен екені көрсетілді. Зерттеу локальді жаңартылатын энергия
көздерін қолдану техникалық және экономикалық тұрғыдан тиімді шешім екенін дәлелдейді.
