АУЫСПАЛЫ ЖИІЛІКТІ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ БІРІКТІРУ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК), атап айтқанда күн электр
станцияларын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне интеграциялаудың техникалық
мәселелері қарастырылады. ЖЭК генерациясының құбылмалылығы мен метеорологиялық
факторларға тәуелділігі, сондай-ақ олардың электр энергетикалық жүйенің тұрақтылығы мен
жиілік режимдеріне әсері талданады. Зерттеу барысында фотоэлектрлік жүйелерге тән айналмалы
инерцияның төмендігі және оның желі жиілігінің тұрақсыздануына ықпалы сипатталады.
Сонымен қатар, қуат теңгерімін сақтау үшін жедел әрекет ететін резервтік қуат көздерінің
маңыздылығы негізделіп, генерацияның күрт өзгеру жылдамдығының (ramp-rate) энергетикалық
жүйеге әсеріне шолу жасалады.
