ЖОҒАРЫ ТОК ГАРМОНИКАСЫН БАСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада электр беріліс желісіндегі токтың гармоникалық бұрмалануларын
оларды тікелей өлшемей-ақ басу тәсілі сипатталған. Бұл тәсіл токтың спектрін үздіксіз талдауды
қажет етпейтін арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асырылады. Matlab/Simulink ортасында
сызықтық емес жүктеме және сүзгісі бар энергетикалық жүйенің жұмысын имитациялық
модельдеу нәтижесінде алынған, жоғары гармоникаларды басу құрылғысы қосылған тораптағы
токтардың осциллограммалары келтірілген. Сондай-ақ ұсынылған токтың жоғары
гармоникаларын басу принципінің математикалық сипаттамасы берілген.
