ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА КҮН-ЖЕЛ ГИБРИДТІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Дата
2026ISBN
978-601-385-216-4Аннотации
Мақалада гибридті күн-жел энергетикалық жүйелерін (HSWES) жобалау,
басқару және оңтайландыру саласындағы заманауи әлемдік тәжірибеге шолу жасалады. Зерттеуде
фотоэлектрлік панельдер мен жел турбиналарының математикалық модельдері, энергияны
сақтаудың гибридті жүйелері (аккумуляторлар, суперконденсаторлар, сутегі) және максималды
қуат нүктесін бақылау (MPPT) алгоритмдері талданды. Мақаланың негізгі бөлігі GWO, HGS және
NSGA-II сияқты метаэвристикалық алгоритмдерді қолдану арқылы жүйенің техникаэкономикалық көрсеткіштерін оңтайландыруға арналған. Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін
ескере отырып, энергия тиімділігін арттыру және көміртек ізін азайту стратегиялары ұсынылды.
