КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ АВТОР КАТЕГОРИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Дата
2026-02-11ISBN
978-601-385-179-2Аннотации
Мақалада көркем мәтіннің құрылымдық-мазмұндық жүйесін
ұйымдастырушы автор категориясының теориялық сипаты мен оны
оқытудың әдістемелік мәселелері қарастырылады. Нақты тарихи тұлға
(автор) мен мәтін ішіндегі эстетикалық нысан (автор бейнесі) арасындағы
функционалдық айырмашылықтар ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Үлгілік оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес, білім алушылардың автор
бейнесін анықтау дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары мен
алгоритмдері ұсынылды. Әдебиеттану ғылымындағы автор бейнесі туралы
теориялық тұжырымдар сараланып, жинақталды.
