ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АРҚЫЛЫ КЕЙІПКЕР МІНЕЗІН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ

Дата
2026-02-11ISBN
978-601-385-179-2Аннотации
Мақалада қазақ әдебиеті сабақтарында мақал-мәтелдерді
кейіпкер мінезін интерпретациялау құралы ретінде қолданудың әдістемелік
негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көркем мәтінді талдау
барысында мақал-мәтелдердің тәрбиелік және танымдық әлеуетін айқындау.
Мақалада фольклорлық мұра мен көркем әдебиеттің сабақтастығы
көрсетіліп, «Айман – Шолпан», «Ер Тарғын», С.Торайғыровтың «Кім
жазықты?» шығармалары негізінде практикалық үлгілер ұсынылады.
Нәтижесінде бұл әдістің оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыруға, ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететіні
дәлелденеді.
