МАГИСТРАНТТАРДА КЕЗДЕСЕТІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дата
2026-04-04ISBN
978-601-385-215-7Аннотации
Мақалада магистранттар академиялық жазу барысында кездесетін негізгі
қиындықтар қарастырылады. Академиялық стильді жеткіліксіз меңгеру, ғылыми
мәтінді құрылымдау, дереккөздерді пайдалану және сілтемелерді рәсімдеу
мәселелері талданады. Аргументация, ғылыми әдебиетті сыни тұрғыда талдау
және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелеріне ерекше назар
аударылады. Көптеген магистранттардың зерттеу мәселесін тұжырымдау, зерттеу сұрақтарын қою және логикалық тұрғыдан байланысқан ғылыми мәтін
құру барысында қиындықтарға тап болатыны атап өтіледі. Мақалада
академиялық жазу дағдыларын жүйелі түрде дамыту қажеттілігі арнайы курстар,
ғылыми жетекшілік және ғылыми мәтін жазу тәжірибесі арқылы негізделеді.
