ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Мақалада жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің инклюзивті құзыреттілік
мəселесі жəне оны айқындайтын бірқатар факторлар талданады. Зерттеу аясында инклюзивті құзыреттілік
ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) білім алушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту үшін қолайлы
жағдай жасауға мүмкіндік беретін педагогтің кəсіби-маңызды жəне тұлғалық-маңызды қасиеттері мен
іскерліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Жалпы орта білім беретін мектепте ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушылардың білім беру инклюзиясының табыстылығы көбіне педагогтің инклюзивті
құзыреттілік деңгейіне байланысты екені анықталды. Мақалада инклюзивті құзыреттілік тек ЕБҚ бар білім
алушылардың ғана емес, сонымен қатар қалыпты дамып келе жатқан құрдастарының да оқу үдерісінің
табыстылығын айқындайтынын көрсетеді.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтің кəсіби қызметінің жоғары деңгейі, ең алдымен,
инклюзивті құзыреттіліктің мотивациялық-құндылықтық жəне операциялық-технологиялық компоненттерінің
дамуымен қамтамасыз етіледі. Зерттеу нəтижелері инклюзивті құзыреттілік деңгейі ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс тəжірибесіне, сондай-ақ білім беру ұйымындағы жалпы педагогикалық
еңбек өтіліне тəуелді екенін көрсетеді. Мұғалімдерінің инклюзивті құзыреттілігінің жинақталған көрсеткіші
мен мотивациялық-құндылықтық компоненті арасында өзара байланыстар анықталды.
Открыть
Collections
CORE Recommender
Связанные элементы
Просмотр элементов, связанных по названию, автору, создателю или теме.
-
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІ ИНКЛЮЗИВТІ ДАЯРЛАУДА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТ РЕТІНДЕ
Озат, Бердыгуль (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2021)2023-09-14 -
ИНКЛЮЗИВТІ ПРАКТИКАДАҒЫ ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Турманова, Жанагул Егембердиевна (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2024)2025-01-29 -
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жаксылыкова, Самал Айтпайкызы (Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, 2020-05-15)Мақала инклюзивті білім беру, тұлғаның психологиялық қауіпсіздігі туралы жалпылама мәліметтер ұсынады. Жалпы білім беретін мектептің психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру контексінде инклюзивті білім беру моделін енгізу тәжірибесі қарастырылады.2024-06-05
