БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІҢ МЕТАҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Бұл мақала болашақ педагог-психологтердің кəсіби даярлығында метақұзіреттілікті
дамытудың теориялық негіздерін талдауға арналған. Зерттеу барысында метақұзіреттілік ұғымына берілген
ғылыми анықтамалар жүйеленіп, оның болашақ педагог-психологтың кəсіби қалыптасуындағы рөлі
айқындалды. Метақұзіреттіліктің мазмұны кəсіби іс-əрекетті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдылар
категориялары арқылы сипатталды. Аталған дағдылар білімді саналы қолдану, өзін-өзі реттеу, кəсіби қарымқатынас орнату жəне өзгермелі білім беру ортасына бейімделу қабілеттерімен байланысты қарастырылды.
Мақала нəтижелері педагог-психологтарды даярлау жүйесінде метақұзіреттілікті дамыту мəселесін ғылыми
тұрғыда негіздеуге жəне алдағы тəжірибелік зерттеулерді жоспарлауға мүмкіндік береді.
