ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН КƏСІБИ БАҒДАРДЫҢ РӨЛІ

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Бұл мақалада жоғары сынып оқушыларының тұлғалық дамуындағы құндылыққа
негізделген кəсіби бағдар берудің рөлі қарастырылады. Қазіргі BANI дəуірінде кəсіби таңдау тек мамандық
таңдаумен шектелмей, тұлғаның өмірлік жобасын саналы түрде қалыптастыру үдерісіне айналып отыр.
Зерттеуде құндылықтық бағдарлар жасөспірімдердің кəсіби өзін-өзі айқындауының өзегі ретінде талданады.
Шетелдік жəне отандық ғалымдардың еңбектері негізінде құндылықтардың құрылымы, олардың мансаптық
бейімделгіштікке, кəсіби шешім қабылдауға жəне өмірлік қанағаттануға ықпалы сараланады. Сонымен қатар,
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі құндылықтық парадигмаға көшу үрдісі, институционалдық бастамалар
мен стратегиялық реформалар аясында сипатталады. Зерттеу нəтижелері құндылыққа негізделген кəсіби бағдар
беру жоғары сынып оқушыларының кəсіби айқындылығын арттырып, тұлғалық тұтастығын, моральдық
жауапкершілігін жəне əлеуметтік бейімделгіштігін қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді.
