ОҚУШЫЛАР ПРОКРАСТИНАЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ: ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ДАЯРЛЫҒЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАСЫМДЫҚ РЕТІНДЕ

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Қазіргі білім беру ортасы жағдайында педагог-психологтарды даярлау тек кəсіби
құзыреттіліктерді ғана емес, сонымен қатар білім алушының жеке басын сүйемелдеуге бағытталған тұрақты
құндылық бағдарларын біріктіруді талап етеді. Мақалада халықаралық теориялық негіздерді, эмпирикалық
қазақстандық зерттеулерді жəне нормативтік құқықтық талаптарды ескере отырып, Қазақстан
Республикасының педагог-психологтарын кəсіби даярлаудағы құндылықтық тəсілдің маңыздылығы талданған.
Оқушылардың прокрастинациясы оқушылардың мотивациялық құндылық құрылымдарының
жетіспеушілігінің бір ғана көрсеткіші ретінде қарастырылады, оның призмасы арқылы болашақ мамандарда
оқушылардың дамуына ықпал ететін құндылық ұстанымдарын қалыптастыру қажеттілігі атап көрсетіледі.
