БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КƏСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ

Дата
2026-02-26ISBN
978-601-385-193-8Аннотации
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың кəсіби даму үдерісіндегі психологиялық
саулықтың құндылықтық маңызы қарастырылады. Психологиялық саулық тұлғаның кəсіби өзін-өзі жүзеге
асыруына, жауапты шешім қабылдауына, психоэмоционалдық тұрақтылығына, өзін-өзі реттеуіне жəне стресске
төзімділігіне негіз болатын жетекші құндылық ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – кəсіби қалыптасу
кезеңінде психологиялық саулықтың аксиологиялық құндылықтық мазмұнын айқындау жəне оны болашақ
маманның кəсіби құзыреттіліктерімен өзара байланыста сипаттау. Мақалада психологиялық саулықтың
құрылымдық компоненттері эмоционалдық əл-ауқат, өзіндік сана, рефлексия, мотивациялық-мақсаттық бағдар,
қарым-қатынас мəдениеті, кəсіби идентификация жəне олардың кəсіби күйіп кетудің алдын алу, кəсіби
деформацияның төмендеуі, клиентпен тиімді өзара əрекеттесу, этикалық тұрақтылық сияқты көрсеткіштермен
байланысы негізделеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында кəсіби даярлау жүйесінде психологиялық
саулықты дамытуға бағытталған құндылықтық бағдар қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық
шарттары қолайлы білім беру ортасы, практикалық тренингтер, супервизия элементтері, өзін-өзі тану жəне өзінөзі қолдау дағдылар] ұсынылады.
