Түркі тілдеріндегі «итке» қатысты паремиялардың ерекшеліктері
Аннотации
Бұл мақалада үй жануары «итті» сипаттайтын паремия ерекшеліктері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты жануарлар әлемі интерпретациясын адамзат мәдениетінде, атап айтқанда түркі халықтары
мәдениеттерінде, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер негізінде айқындау. Мақал-мәтелдер мен тұрақты
тіркестер құнды лингвистикалық мұра болып табылады, себебі ол халықтың мәдени және тарихи көзқарасын,
олардың мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетеді. Жануарлар атауы адамды әртүрлі қырларынан, яғни мінезқұлқы, жүріс-тұрысы, келбеті, ой-қабілеті жағынан сипаттай алады. Ит ежелден бері адамға жақын жануар,
оның мінез-құлқы мен сыртқы көрінісі адамның қасиеттерін сипаттайтын метафора ретінде қолданыла
бастады. Түркі мәдениетінде ит жағымды, сондай-ақ жағымсыз қасиеттерді көрсетеді. Талдау жасалған
тілдердегі иттің ауыспалы мағынада қолданылуындағы мәдениеттанулық ұқсастықтары мен ерекшеліктері,
сондай-ақ олардың қаншалықты дәрежеде ұқсас немесе ерекше екендігі ашық көрсетіледі.

