Показать сокращенную информацию

dc.contributor.authorДосова, А.
dc.contributor.authorИльясова, К.М.
dc.date.accessioned2023-08-10T08:24:52Z
dc.date.available2023-08-10T08:24:52Z
dc.date.issued2023
dc.identifier.issn2616-6887
dc.identifier.urihttp://rep.enu.kz/handle/enu/4527
dc.description.abstractБұл мақалада Айнутану ғылымының негізін қалаушы, британдық миссионер Джон Бэтчелордың отандық шығыстанушыларға беймәлім күнделікті өмірі мен қызметі көрсетілген. Джон Бэтчелор (1854-1944 жж.) ғасырға жуық саналы ғұмырында Жапонияға қоныс аударып, айнулардың шығу тегін, салт-дәстүрін, діни наным – сенімі мен мәдениетін зерттеу объектісіне айналдырған. Англияда дүниеге келген Д.Бэтчелор христиан дінін ұстанған, сондықтан Жапонияда Хоккайдодағы Хакодате англикан шіркеуін таңдайды. Осы елде миссионерлік қызметін бастаған Д.Бэтчелор жергілікті жапон және айну тілдерін менгереді. Осылайша Хоккайдода ұзақ жылдар бойы тұрақтанған миссионер жапондармен ассимиляцияланған айнулардың күнделікті өмірін зерттей бастайды. Ақырында Айнуларға арналған Айруи-Гаккоу мектебін ашады, ағылшын тілінде «Жапондық Айну» атты еңбек жазады. Сонымен қатар Хоккайдо үкіметінің кеңсесі қаржысы есебінен «Айну-ағылшын-жапон сөздігін» шығарады. Одан кейін Д.Бэтчелордың «Жаңа өсиет» аудармасы жарық көреді. «Жолдағы қадамдар» атты кітабында айну тілінің қолданыстан шығып кеткенін алға тартып, оның орнына жапон тілі келгендіктен бұл аударманың ескіргенін айтады. Автор ағылшын тілінде шыққан «Айну өмірі мен ілімі» деп аталатын еңбегінде айнулардың күнделікті өмір тарихына қатысты қызықты мәліметтер мен матераилдар жинақтайды. Өмірінің соңына қарай Англияға оралған Д.Бэтчелор «Айну-ағылшын-жапон сөздігінің» төртінші басылымын аяқтайды. Жапон-ағылшын қарым-қатынасы шиеленісе бастаған кезде, Д.Бэтчелор Жапониядан кетуге шешім қабылдайды. Осылайша Д. Бэтчелордың қызметі миссионерліктен зерттеушілікке ұласады. Ол Жапониядағы бүкіл өмірін Айну халқының құқықтары мен бостандықтары үшін күреске арнаған. Мақалада айнуларды зерттеуге түрткі болған жағдайлар да қарастырылады, автордың әрбір еңбегіне шолу жасалып, түсініктеме беріледі. Кейін Д.Бэтчелордың «Ағылшын-Айну» сөздігі көптеген жапондық және шетелдік лингвистердің Айну тілін терең зерттеп, жаңа еңбектер жазуына негіз болады. Автордың «Айну және фольклор» кітабы айнулардың болашағына қомақты үлес қосты деуге болады. Осы еңбектің нәтижесінде Хоккайдадағы айнулар бүкіл әлемге танылып, БҰҰ-ның қарамағына алынады. Сонымен қатар мақалада айнулар туралы Д.Бэтчелордың мәлімдемелері және лингвист-антрополог Чири Машихоның сыни көзқарастары да келтірілген.ru
dc.language.isootherru
dc.publisherЕНУ им. Л.Н. Гумилеваru
dc.subjectмиссионерru
dc.subjectЖапонияru
dc.subjectайнуru
dc.subjectХоккайдоru
dc.subjectграмматикаru
dc.subjectБҰҰru
dc.subjectарий тіліru
dc.subjectағылшынru
dc.subjectекінші дүниежүзілік соғысru
dc.titleДжон Бэтчелордың Жапониядағы айнуларды зерттеу ерекшеліктеріru
dc.typeArticleru


Файлы в этом документе

Thumbnail

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию