Энергиясы 12-30 МэВ аралығындағы 9Ве ядросының 28Si ядросынан серпiмдi шашырауын оптикалық модель негiзiнде талдау

Дата
2020Редактор
ISSN
2616-6836Аннотации
Ұсынылып отырған жұмыста 9 Ве ядросының 28 Si ядросында серпiмдi
шашырау процестерi қарастырылды. Негiзгi зерттеу моделi ретiнде ядроның оптикалық
моделi қолданылды. Талдау үшiн 12-30 МэВ аралығында жасалған эксперименттiк
мәлiметтерi жинақталды. Кулондық тосқауылға жақын энергиялардағы мәлiметтердi
талдау оптикалық потенциал параметрлерiн нақтылауда өте маңызды болып табылады.
Потенциалдың радиусы мен диффуздығының нақты және жорамал бөлiктерi бiр-бiрiне
тең деп болжамданып rr = ri және ar = ai
, потенциал тереңдiктерiнiң нақты және
жорамал құраушыларының қатынасы V0 / W0 ∼ 10 деген болжам бойынша iзделiндi.
Талдау жұмыстары FRESCO коды көмегiмен iске асырылды.
