Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2019, №1 (126)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2019, №1 (126)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

З. Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы

Thumbnail
Автор
Еслям, А.Б.
Алпысбаев, Қ.Қ.
Дата
2019
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-678Х
Аннотации
З. Ахметовтің Абай мұрасы мен шығармашылығына арналған зерттеулері – ұлттық әдебиеттанудағы теңдесі жоқ іргелі ғылыми еңбектер. Ғалым – Абайтану саласына М.Әуезовтен кейін елеулі еңбек сіңірген. «Лермонтов және Абай» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап шыққанда ғалым небәрі жиырма үш жаста екен. Аса ірі қоғам қайраткері, биік парасат иесі З. Ахметовтің жұлдызды ғұмыр жолы осылай басталып, туған елінің рухани гүлденуіне, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына бар күшін жұмсады. Ғалым А. Егеубаев З. Ахметовтің Абайтану саласындағы ғылыми ізденістерін 4 арнаға бөліп қарастырады. Ең алдымен, Абайдың орыс әдебиеті классиктерінен аудармалары, сонымен бірге Абайдың аудармашылық мектебінің өзіндік ерекшеліктері, қазақ өлеңін осы бағытта байытып дамытуы жөніндегі зерттеулер. Екіншісі, әрине, Абайдың ақындық әлемі. Үшіншісі, Абай шығармаларының текстологиясы. Төртіншіден, Абай сыншыларының сындарына көзқарасы. Абай шығармаларын текстологиялық тұрғыдан қарастыру – үлкен батылдықты қажет еткен көкейтесті мәселелердің бірі болды. З.Ахметов Абайдың «Толық шығармалар жинағының» әр жылдардағы төрт басылымның (1954, 1957, 1970, 1995) дайындап, құрастырушылардың және түсінік авторларының бірі ретінде қатысты. 1954, 1957 жылғы жинақтарды шығару үстінде ұлы зерттеуші М.Әуезовпен әріптес ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, академик ғалым Абай шығармаларының өзге тілде жарық көрген басылымдарының да алғысөзін жазып, әрі құрастырушысы да болды. Санамалап айтсақ, 1970 жылғы белорус, армян, молдаван тіліндегі жинақтарды текстологиялық тұрғыдан сұрыптап құрастырушы болды.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/4977
Открыть
abais-heritage-in-z-akhmetovs-research_.pdf (1.709Mb)
Collections
  • Выпуск 2019, №1 (126)[14]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты