Бухгалтерлік пен салық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Аннотации
Осы мақалада бухгалтерлік есеп пен салық есебін ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Бухгалтерлік және салықтық есепке алудың ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар екендігі атап
өтіледі. Бухгалтерлік есеп - бұл жылжымайтын мүлік, есеп айырысулар мен міндеттемелердің жай-күйі
мен қозғалысын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық нәтижелерін көрсететін реттелетін және
ақпараттық жүйе. Салық есебі мемлекеттік органдарға салық төлемдерінің толықтығы мен уақтылығын
бақылауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижелеріне баға беру үшін және қаржы есептілігін құрастыру мақсатында жүргізіледі. Осылайша, егер
бухгалтерлік есептің түпкі мақсаты - мүдделі тараптарға субъектісінің экономикалық жағдайы туралы есеп
беру болса, салық есебі үшін осы мақсат ретінде бюджетті барынша толықтыру мүддесі бар мемлекеттің
фискалдық, қадағалау функциялары болып табылады.

