Ислам қаржы технологиясы – Ислам қаржысын дамытудың негізгі драйвері
Аннотации
Бүкіл дүниежүзінде исламдық қаржыландыру тиімді құралға айналып
отыр, сондай-ақ мұсылман емес елдерде де кең танымалдыққа ие. Алайда қазіргі цифрландыру кезеңінде ислам қаржысы қаржы технологиясы революциясынан алыстай
алмайды. Қаржы технологиясы (FinTech) қаржы қызметтер саласындағы соңғы инновациялардың бірі болып табылады. Сонымен қатар қаржы технологиясы ақпараттық
технологиялар саласындағы жетістіктері мен қолайлы реттеуіне байланысты жылдам
дамуда. Шариғатқа сәйкес қаржылық қызметтерді ұсыну үшін технологияны қолдану
арқылы Исламдық FinTech алдағы онжылдықта қаржылық интеграция мен исламдық
қаржыландыруды цифрландырудың негізгі драйвері болып табылады.
Мақалада исламдық қаржы қызметтер саласында клиенттерге қызмет көрсетудің
операциялық тиімділігі мен сапасын жақсарту үшін қаржы технологияларын қолдану
мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар ислам қаржысындағы қаржы технологиясының мәселелері мен перспективасы анықталып талданады. Осылайша, зерттеу жұмысында қаржы технологиясын және оның ислам қаржы секторында қолданылуы мен
олардың өзара байланысын анықтап зерттеу мақаланың мақсаты болып табылады.
Қазіргі кезеңде қолданылатын қаржы технологияларының түрлеріне де назар аударылып отыр. Қорытындылай келе, қаржы технологиясының пайда болуы мен жылдам дамуының негізгі себептері айқындалып, Қазақстандағы қаржы технологиясының жағдайы мен мәселелері қарастырылған.
Collections
CORE Recommender
Связанные элементы
Просмотр элементов, связанных по названию, автору, создателю или теме.
-
Ш. Құдайбердіұлы поэзиясындағы түркілік дəстүрдің көріністері
Адамбек, Абылайхан Əміртайұлы (Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, 2019)2023-05-26 -
СҰҚҰҚ "АЛЬ-МҰРАБАХА" - ИСЛАМДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНДА
Рей, Бақберген (Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, 2020-04-10)2023-11-14 -
Кеңестік биліктің екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі діни саясаты
Жолдасұлы, Т.; Ильясова, К.М. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2020)Мақала Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік биліктің діни саясатының күрт өзгеру эволюциясына арналады. Билік басына келген большевиктердің соғыстан бұрынғы діни саясаты, дінге қарсы қысымы баяндалады. Сонымен қатар, соғыс жағдайындағы кеңес үкіметінің діни саясатты өзгерту себептері, бұрынғы дінбасыларының дінге сенушілерді жауға қарсы күш біріктіруге шақыруы ...2023-06-08

