ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Дата
2021-04-12ISBN
978-601-337-539-7Аннотации
Мақалада Қазақстанның ғылым саласын дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары, жоспарлары, шарттары, мемлекеттік бағдарламар туралы баяндалып, талдау жасалынады. Сонымен қатар, әлемдік экономика дамуының қоғамдық қарым-қатынасқа әсері, ғылым саласына ықпал ету деңгейлері мен болашағы, түрлі теориялар мен концепцияларға негізделу шарттары қарастырылады. Еліміздегі жалпы білім және ғылым саласына қатысты жүргізілетін саясат әртүрлі жоспарлы және бірдей емес сипатта болып келеді. Өйткені, бұл саладағы реформалар кез келген басқа мемлекеттегі сияқты қоғамның дамуымен қатар толықтырылып өзгеріске ұшырап отырады. Мәселені зерттеу барысында негізінен салыстырмалы әдіс, талдау/анализ/, статистикалық әдістер қолданылды.
