Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология
  • Выпуск 2023, №3 (144)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология
  • Выпуск 2023, №3 (144)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Саяси репрессия қарсаңы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Моңғолияның аймақтық саясаты

Thumbnail
Автор
Омаш, С.Б.
Қобландин, Қ.И.
Дата
2023
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-6887
Аннотации
Саяси репрессия қарсаңындағы Моңғолияның сыртқы аймақтық жағдайын сипаттау үшін ХХ ғасырдың басынан бастап уақыт аралығын қамту қажет, себебі бұл жылдардағы оқиғалар Моңғолияның жаңа тарихындағы ең маңызды бетбұрыстардың бірі болды және оның жаңа даму кезеңінің басталуын белгіледі. Моңғолия мемлекеті өз дамуында мемлекеттік егемендікке қол жеткізді, елдің әлеуметтік құрылымы, мәдени-экономикалық келбеті өзгерді, жаңа әкімшілік-саяси институттар пайда болды. Осыған байланысты ХХ ғасырдың 20-жылдардағы моңғол революциясынан бері бір ғасырға жуық уақыт өткенмен бұл оқиғаларды жан-жақты тарихнамаға негізделген зерттеу жүргізудің ерекше маңызы бар. Соңғы уақытта Моңғолияда осы жылдарда болған жекелеген оқиғалар туралы да, революция кезеңінен басталған Моңғолияның даму сипаты, басқа шетел мемлекеттерімен, әсіресе көршілес Ресей және Қытай державаларымен қарымқатынасы және олардың ел тарихындағы маңызды рөлі туралы айтарлықтай еңбектер жарық көрді. Осылайша, қазіргі уақытта моңғол саяси қатынастарын осы кезеңдегі дамуын арнайы тарихнамалық зерттеу қажеттілігі туындады. Мұндай зерттеу тақырыбының өзектілігі әр жылдары ресейлік, моңғол және батыс авторларының еңбектеріндегі біз сипаттайтын оқиғаларға қатысты әртүрлі қарама-қайшы бағалаулардың негізділігі мен объективтілігін салыстыру және талдау қажеттілігінен туындап отыр. Жоғарыда айтылған мәселелер жұмыстың алдында тұрған зерттеу міндеттері мен мақсаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Тақырыптың маңыздылығы мен мазмұндылығы ресейлік және шетелдік тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып, Сыртқы Моңғолияда болған негізгі оқиғаларды зерделеуден тұрады және сол кездегі елде болған қайта құруларды сипаттап, олардың саяси нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай нақты тарихи жағдайға қатысты әдебиеттерді пайдалану арқасында біз Моңғолияда 1921-1924 жылдарда болған түрлі оқиғалардың сипаты мен нәтижелеріне қатысты әртүрлі бағалаулар мен ұстанымдарды салыстыруға, олардың айырмашылықтары мен ұқсастық пайымдауларының тереңдігін анықтаумен қатар олардың себептерін көрсетуге тырысамыз. Айта кетерлігі, Қазақстан тарихнамасында көршілес Моңғолия елінің соңғы 100 жылдық саяси тарихы мен тыныс-тіршілігі әлі де толық зерттелмеген. Көбінесе бұл тақырып Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен байланысты қарастырылатынын атап өткен жөн.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/9353
Открыть
2 (1).pdf (582.2Kb)
Collections
  • Выпуск 2023, №3 (144)[14]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты