Выпуск 2025, №3(152)
Trichoderma harzianum саңырауқұлағының Cytospora туысынажататын саңырауқұлақтарға қатысты антагонистік белсенділік және изоляттардың филогенетикалық талдауы
Жаксылыков, А.Ж.; Дюсембаев, К.А.; Наекова, С.К.; Нурбекова, Ж.; Арыстанова, Ш.Е.; Оспанова, А.К.; Киян, В.С.; Тулегенова, Ж.А.
Бұл зерттеуде Trichoderma harzianum саңырауқұлағының жеміс және орман ағаштарының некрозы мен құрғауын тудыратын Cytospora туысының фитопатогенді саңырауқұлақтарына қарсы антагонистік белсенділігі бағаланды. T. harzianum культураларының морфологиялық сипаттамасы бойынша мицелийдің ерекше құрылысы мен белсенді спораланатыны көрсетілді, бұл олардың қоректік ортаны тез игеретінін байқатты. Бірге отырғызып өсіру барысында C. chrysosperma, C. sorbina, C. parasitica, C. pruinopsis патогендерінің өсуінің айқын тежелуі байқалды. Бұл құбылыс мицелий түсінің өзгеруімен, патоген колонияларының дамуының шектелуімен және патогендерді Петри табақшаларының негізгі аймақтарынан ығыстыруымен көрініс берді. Инкубацияның сегізінші тәулігінде Cytospora туысына жататын фитопатогенді саңырауқұлақтардың өсуі Trichoderma harzianum антагонисімен тежеліп, белсенді спора түзуімен қатар жүрді. ITS аймағын талдау негізіндегі молекулалық идентификация бөлініп алынған изоляттардың T. harzianum түріне жататынын растады (GenBank деректерімен 100% ұқсастық). Құрылған филогенетикалық ағаш изоляттардың T. harzianum таксономиялық тобы құрамында жоғары бутстрэп-қолдауымен айқын кластерленуін көрсетті. Алынған нәтижелер T. harzianum-ды Cytospora туысына жататын фитопатогендерге қарсы өсімдіктердің биологиялық қорғанысының тиімді агенті ретінде қолдану болашағы зор екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, антагонистік қасиеттерді зерттеуде морфологиялық әрі молекулалық-генетикалық талдауды қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығын айқындайды.
Стрептозотоциндік диабеттің ағымына иондаушы сәуленің әсерін егеуқұйрықтардың иммунологиялық және биохимиялық жағдайын талдау арқылы зерттеу
Ильдербаев, О.З.; Мутиг, К.В.; Узбеков, Д.Е.; Жармаханова, Г.М.; Ильдербаева, Г.О.; Сембаева, Ж.П.
Бұл зерттеуде стрептозотоцинмен индуцирленген 2 типті қант диабеті мен иондаушы γ-сәулеленудің егеуқұйрықтар организміне жеке және қосарлы әсерлері зерттелді. Метаболикалық, иммунологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің динамикасы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде әрбір фактор – стрептозотоцин де, γ-сәулелену де – гипергликемия, инсулин секрециясының төмендеуі және антиоксиданттық қорғаныс жүйесінің әлсіреуін туындататыны анықталды. Бұл факторлардың бірлескен әсері кезінде аталған патологиялық өзгерістер күшейе түсті: қандағы глюкоза мен липидтердің асқын тотығу өнімдері деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы, инсулиннің төмендеуі тіркелді. Иммундық жүйе тарапынан да елеулі бұзылыстар анықталды: лейкоциттер санының, Т-лимфоциттер мен Т-хелперлердің, иммунорегуляторлық индекс көрсеткішінің төмендеуі, фагоцитоздың әлсіреуі және айналымдағы иммундық кешендер деңгейінің азаюы байқалды. Ең айқын өзгерістер стрептозотоцин мен γ-сәулеленудің қосарлы әсері жағдайында тіркеліп, олардың зақымдаушы әсерінің синергиялық сипатын көрсетті. Алынған нәтижелер бұл эксперименттік модельдің метаболикалық және радиациялық факторлармен байланысты иммун тапшылығының патогенезін зерттеу үшін, сондай-ақ иммуномодуляторлық және радиопротекторлық әсері бар препараттардың тиімділігін бағалау үшін жоғары ғылыми маңыздылығын көрсетеді.
Study of nitric oxide levels in the serum of patients with bronchial asthma
Sabirova, A.; Aitkazina, A.; Kussainova, A.; Bulgakova, O.; Bersimbaev, R.; Aripova, A.
This preliminary research article is dedicated to the determination of nitric oxide (NO) levels in the serum of patients with bronchial asthma (BA). Nitric oxide plays an important role in the pathogenesis of bronchial asthma, as it contributes to bronchoconstriction and stimulates the production of inflammatory mediators, thereby exacerbating the disease. The study included 41 participants, comprising patients with BA of varying disease control categories (controlled, partially controlled, and uncontrolled asthma) as well as individuals without a diagnosis of BA (control group). The NO level was measured using the “Nitric Oxide (total)” assay kit (ADI-917-020) from Enzo Life Sciences Inc. (USA). The results demonstrated that serum NO levels in patients with BA were significantly elevated, approximately 1.34 times compared to the control group (p = 0.001). Additionally, the concentration of nitric oxide was analyzed according to sex and age. A statistically significant difference was found between women older than 65 years and those younger (p = 0.0347). When comparing serum NO concentrations between partially controlled and uncontrolled asthma groups with the control group, NO levels were elevated by 1.31 times and 1.42 times, respectively (p = 0.0355 and p = 0.0033). ROC analysis of nitric oxide levels for the diagnosis of bronchial asthma revealed acceptable diagnostic accuracy (AUC = 0.6932; p = 0.013). Thus, the determination of nitric oxide concentration in the serum of patients with bronchial asthma may play an important role in diagnosis and could serve as a potential biomarker of the disease.