Выпуск 2025, №1 (150)
Мәдениетаралық қарым-қатынастағы шетелдік студенттердің мәдениаралық құзыретін қалыптастыру ерекшеліктері
Саденова, А.Е.; Айтбаева, Б.М.; Карыбаева, С.Е.
Мақалада қазіргі уақытта білім беру үдерісінде мәдениетаралық қарым-қатынас мәселесінің өзектілігі, білім беру үдерісінде шетелдік студенттердің елдің мәдениетін білсе, оқу үдерісі сәтті болатынын ескеру керектігі жайлы сөз болады. Мақаланың мақсаты – мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру. Шетелдік студенттерді мәдениеттер арасындағы айырмашылықты көруге, басқа мәдениеттің ерекшеліктерін түсінуге үйрету маңызды болып табылады. Кездесетін қиындықтарды жеңу үшін, сондай-ақ басқа мәдениетке деген сенім мен құрметті тудыратын сөйлеу этикетіне ие болу керек. Коммуникативтік қарым-қатынас кезінде сенімді болуға мүмкіндік береді. Мақаланы жазу барысында теориялық, әдіснамалық, салыстырмалы, логикалық, мазмұнды талдау әдістерімен бірге басқа да зерттеу әдістері пайдаланылды. Теориялық еңбектерге де талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері тақырыбына қатысты басылымдар мен еңбектерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы тақырыптар ғылыми негіз ретінде назарға алынды.
Аутентті мәтіндер арқылы оқылым дағдысын дамыту
Бердикулова, А.С.; Қапантайқызы, Ш.
Оқылым мәтіндері шынайы өмірге, адамға, қоғамға, мамандыққа байланысты болуы тиіс. Бұл тұжырымдама коммуникативтік бірлік ретіндегі мәтіндерге қойылатын талаптардың негізінде туындайды. Зерттелетін мәселенің өзектілігі тіл үйренушінің оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдарын таңдау қажеттілігінен туындап отыр. Осыған байланысты мақаланың мақсаты – тиімді коммуникативтік оқу үдерісін және аутентті мәтіндік материалдарды ұйымдастыру мүмкіндігін тіл үйретудің тиімді тәсілі ретінде қарастыру. Мақаланың теориялық бөлімінде тіл үйрету құралы ретінде оқылым әрекетін аутентті мәтіндер негізінде меңгерту мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Нәтижесінде оқылым дағдысын қалыптастыру жолдарын қарастырған еңбектердегі «аутенттілік» және «аутентті материалдар» ұғымдарына берілген анықтамалар сараланды. Аутентті мәтіндердің түрлеріне талдау жасалды. Аутентті мәтіндік материалдарды пайдалану аспектілері қарастырылып, мәтіннің әрбір түрі үшін оқуды ұйымдастыру кезеңдері мен тапсырма түрлері анықталды. Зерттеудің практикалық бөлімінде студенттердің сөздік қорын кеңейтуге, аутентті мәтінді меңгеру негіздерін үйретуге, сөздікпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін аутентті ақпараттық мәтіндерді оқуға баса назар аударылды. Мақалада көтерілген мәселелер тіл үйрету сабағында аутентті материалдармен жұмысты ұйымдастыру тұрғысынан практикалық құндылыққа ие және аутенттілік мәселесін зерттеуге теориялық-практикалық үлес қосады.
Көркем аудармадағы прагмалингвистикалық эксперимент (Ж. Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» романының аудармасы негізінде)
Бейбітова, А.С.; Қоңыратбаева, Ж.М.; Қапанова, А.Қ.
Ғылыми зерттеудің негізгі тұжырымдары көркем аударманың тек тілдік дәлдікті ғана емес, сонымен қатар автордың прагматикалық интенциясын жеткізе білуін де талап ететінін аңғартады. Ұсынылған нәтижелер аудармада жоғары деңгейдегі баламалылыққа қол жеткізу үшін мәдени мәнмәтін мен коммуникативті нормаларды терең түсіну қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуі туралы ұғымды кеңейте отырып, аударматану және прагмалингвистика ғылыми бағыттарының әдіс-тәсілдерін ұштастырады.
Technical capabilities of automated audio description
Akizhanova, D.M.; Kenzhigozhina, K.S.; Raissova, A.B.
The scientific research is a description of the features of using resources and programs for automated translation in the context of the work of audio description translators. The presented positive arguments in favor of using these digital technologies to improve the effectiveness of the translator’s work in all fields of activity, including socially oriented translation, help to analyze the automated audio description process as a whole. The paper contains a comparative analysis of popular resources for automated translation and describes their characteristics. Recommendations are given on the use of these digital resources in the practice of an audio description translator, as well as the prospects for their development and the relevance of their use for the development of professional competencies of an audio description translator. The interpretation of the specifics of working with resources and programs for automated audio description translation is proposed.