Выпуск 2024, №4 (149)
Қаламгер К. Тоқаев шығармашылығы соғыс сипаты мен шындық шырағы
Тұрысбек, Р.С.
Мақалада майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен оның басты туындыларының бірі – «Солдат соғысқа кетті» романы хақында кең көлемде сөз етіледі. Романның бастапқы бөлігінде Әскери училище курсанттарының лейтенант атағын алу үшін емтихан тапсыруға дайындығы, тактикалық жаттығу сабақтары, күнделікті әдет-дағдылары, тіпті бейуақыттағы соғысқа қатысты қатаң бұйрық мәні де нанымды жеткізіледі. Бұдан басқа, романның алғашқы бөлімінен бастап соңғы бөліктерге дейін жүйелі орын алған – «Солдат күнделігінен» атты жазбалар жиынтығынан майдан даласының тынысы, соғыс шындығы, жауынгерлердің ерекше тапсырманы орындау сәттеріндегі көңіл-күйлері, өзара қарым-қатнастары, ел-жер, отан мен отбасы төңірегіндегі таным-түсініктері, сағыныш-сүйіспеншіліктері, сыйластық сырлары кең көлемде көрініс береді. Солдат өмірі, соғыс шындығы, бейбіт өмір мәні кең орын алады. Аталған романның ішкі бөліктерінен орын алған шағын жазбалар жиынтығынан – «Жауға атылған алғашқы оқ», «Ұзақ жолда», «Айқас алдында», «Олар жетеу еді», «Жау тылында», «Ерекше тапсырма», «Солдат өмірі осындай», «Ашылмай қалған сыр» атты тақырыптарға кезігіп, ондағы өмір өрімін, оқиға өрісін, соғыс шындығын, солдат сырын әр қырынан көріп-оқып, қанығуға әбден болады. Майдан өмірі, айқас мәні, солдат сыры да әр қырынан ашылып, кең түрде көрінеді. Негізінен, майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен «Солдат соғысқа кетті» романының табиғаты мен тағылымынан, құрылым жүйесі мен мәтін құбылыстарынан, соғыс шындығы мен солдат сырынан, диалог қызметі мен тіл мүмкіндіктерінен жазушы еңбегі мен қолтаңба мәнері, көзқарас жүйесі кеңінен көрініс береді.
Творческий портрет Николая Гумилева, созданный художниками-современниками: стиль и синтез
Нургали, К.Р.; Бакыт, А.Б.
Данная статья посвящена феномену портрета в искусстве и литературе, раскрывая его типологию, философский и культурологический аспект. Фигура Николая Степановича Гумилева, поэта и теоретика акмеизма, обладает особой притягательностью и глубиной. Его наследие представляет собой творческий автопортрет, а также портреты, созданные его современниками: поэтами и живописцами. Цель настоящей работы состоит в том, чтобы воспроизвести творческий портрет Николая Гумилева, написанный мастерами разных искусств, которые, запечатлевая характерное в поэте, выразили и черты «стиля культурной эпохи» (П. Н. Сакулин), которой он принадлежал. Чтобы передать уникальность образа поэта, художник или поэт должны выбрать такие выразительные средства, которые с наибольшей точностью отразят как внешние черты, так и внутренний мир портретируемого. Для этого был применен сравнительно-исторический метод, а также семиотический анализ, позволяющий раскрыть глубинные значения знаков и символов, используемых в портретах. Данное исследование позволяет указать на общее и индивидуальное в каждом конкретном случае и представить черты сложной и трагической эпохи начала ХХ века.
Төлен Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятындағы автор мен нарратор бірлігі
Айтуганова, С.Ш.; Жорашова, А.М.
Мақалада қазіргі қазақ прозасының классик жазушыларының бірі Т. Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятындағы автор мен нарратор тұтастығы жөнінде сөз етіліп, саралау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі әдебиеттану ғылымында автор мен нарратторды бір-бірінен бөлек алып қарастыру тенденциясы бар. Оның негізі постструктуралист ғалымдардың тұжырымдарында жатқандығы мәлім. Алайда қанша өнер иесін өз туындысынан бөліп алсақ та, шығармашылық үрдісте автор бейсаналы түрде өз болмысын, образын оқырман санасында қалыптастыратыны анық. ХХ ғасыр басында туындаған автор теориясының әдебиеттану ғылымында маңыздылығы жоғары. Қазіргі қазақ прозасындағы автор мен нарратор тұтастығы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзектілігі бар. Сондықтан да осы мәселені негізгі мақсат етіп, тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ прозасындағы айтулы, классикалық шығармаларды нарратологиялық призмадан зерделеп, автор теориясының парадигмалық шеңберін зерттеуді нысан еттік. Зерттеу жұмысында Р. Барт, М. Фуко, В. Шмид, П. Доусон, сынды ғалымдардың автор теориясына қатысты ғылыми тұжырымдары мен отандық ғалым Т. У. Есембековтың авторлық баяндауға байланысты жасаған ғылыми тұжырымын негізге алдық. Көркем мәтінді зерттеу барысында шығармаға семиотикалық талдау жасай отырып жазушы стилін айқындап, кейіпкер образын даралауда авторлық хабарға (посыл) ерекше мән бердік. Автор өзін қаншалықты шығармадан алшақ ұстап нарраторға үлкен жауапкершілік жүктесе де, өзінің бар екендігін білдіретіні анық.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылы тағдырының поэзиядағы көрінісі (Есенғали Раушанов поэзиясы мысалында)
Аймұхамбет, Ж.Ә.
Кеңестік  саясаттың  кесірінен  қазақ  халқы  салдары  ғасырға жалғасқан  үлкен  трагедияға  тап  болғаны  аян.  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде қазақ  ұлтының  көзі  ашық,  алдыңғы  қатарлы  азаматтарын  «халық  жауы» деген  жалған,  дәйексіз  жаламен  жазалаған,  қазақ  даласын  үркіншілікке ұшыратқан кеңес билігінің содыр саясаты  халық санасында өшпестей болып таңбаланып қалды. Ел тарихындағы осындай қасіретті кезең көркем әдебиет туындыларына үздіксіз арқау болып келеді. Бұл тақырыпта роман, повесть, поэма,  драмалық  туындылар  жазылды.  Сондай  туындылардың  қатарында қазақтың  классик  ақыны  Есенғали  Раушанов  поэзиясын  атауға  болады. Мақалада ақынның туындылары нысанға алынып, «Қазақ ауылы» атты цикл өлеңі  мен  «Аспанға  көшіп  кеткен  ел»  поэмасындағы  ХХ  ғасыр  басындағы қазақ ауылы тағдырының суреттелуі зерделенді. Ақын  поэзиясында қазақ елінің  осы  қасіретті  кезеңдегі  тағдыры  қалай  бейнеленді,  елдің  мұңы  мен қайғысын ақын қалай танытты деген сауалдарға  талдаулар арқылы жауап берілді.  Ақ  әскер  мен  қызыл  әскердің  талауы  мен  содырлығына  кезек ұшыраған қазақ ауылының ауыр халі тарихи шындық пен көркем шындық үйлесімінде  қарастырылды.  Тақырыпты  зерделеу  мақсатында,  салыстыру, даралау  және  жинақтау  әдістері  қолданылды.  Зерттеу  талабына  сәйкес тиісінше ой тұжырымдалып, қорытындылар жасалды.