БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Дата
2023ISBN
978-601-337-871-8Аннотации
Бұл мақалада биологияны оқыту процесінде қолданылатын компьютерлік
технологиялардың маңыздылығы мен артықшылықтары туралы ақпарат беріледі. Қазіргі заман
талабына сай компьютерлік технологияларды қолданудың теориялық маңыздылығы теориялық
ақпаратты сапалы,көрнекі және түсінікті түрде жеткізуде болып табылады. Компьютерлік
технологиялар сабақтарды көп күш жұмсамай қызықты әрі динамикалық етіп өткізуге мүмкіндік
береді. Компьютерлік технологияларды атап айтқанда, электрондық оқулық жөне тренажерлер
түрінде, лабораториялық құрал, әрі информациялық–анықтамалық жүйе есебінде кеңінен
қолдануға болады. Сол себепті де педагогикалық үдерісті технологияландыру маңызды мәселе
болып табылады.
