dc.description.abstract |
Зерттеу материалдары мен әдіснамалық негіз ретінде жер ресурстарын басқару,
ауыл шаруашылығындағы табиғи-ресурстық әлеует және жекелеген салаларын цифрландыру
процестері саласындағы ғалымдардың ғылыми еңбектері пайдаланылды. Мақаланы дайындау
барысында аналитикалық, талдау, логикалық, монографиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Мақалада жер ресурстары, цифрлық трансформация және цифрландыру ұғымы қарастырылған,
сондай-ақ жер ресурстарын басқаруға цифрландыру, ақпараттық технологияларды енгізудің
маңыздылығы негізделеді. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша, ақпараттық
технологиялар шаруашылық пен басқарудың кез келген деңгейінде жер ресурстарын тиімді
басқару процесі мен ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым тиімді және ұтымды пайдалануға,
соның салдарынан аграрлық өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, саланың және жекелеген ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың қаржылық
тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін болады деп қорытынды жасауға болады. |
ru |