Аннотации:
Тары өсімдіктерін (Panicum virgatum L.) агробактерия көмегімен трансформациялаудың қарапайым және тиімді әдісі жасалып оңтайландырылды. Зерттеудің
мақсаты Alamo, Forestburg, Pathfinder, Shawnee және Trailblazer сұрыптарындағы тары
өсімдігінің Agrobacterium – жанама трансформация жағдайларын оңтайландыру болды.
Генетикалық трансформация үшін тары өсімдігінің эмбриогендік каллустары қолданылды. Вируленттілік генінің индукторының, сурфактанттың әсерін зерттеу нәтижесінде, бактериялар суспензиясының оптикалық тығыздығы және ко-культивация
уақыты анықталды, нәтижесінде қоректік ортада силвет-L77 бар ацетосирингон, бактериялық суспензияның оптикалық тығыздығы 0.6 және 8 күндік ко-культивациялау
тарының эмбриогенді каллустарының Agrobacterium – жанама трансформациясы үшін
оңтайлы екендігі анықталды. Алынған нәтижелер тары өсімдігінің трансгенді өсімдіктерін құрудың негізін қалайды.