dc.description.abstract |
Қазіргі таңда халық санының өсуімен азық-түлік қауіпсіздігі маңызды
мәселеге айналды: 800 миллионнан астам адам аштықтан зардап шегеді және
миллиондаған адамдар қауіп-қатерге ұшырайды. Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы үнемі
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін шектейтін әр түрлі биотикалық және
абиотикалық факторлардың әсерінде болады. Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар,
жәндіктер мен паразиттік өсімдіктер болып табылатын биотикалық стресстер
егіннің қатты ысырабын тудыруы мүмкін. Өсімдік пен вирус арасындағы молекулалық
әрекеттесулер қожайын өсімдіктің антивирустық қорғаныш жүйесі мен
интерференцияны өтудің провирустық механизмі туралы түсінік алудың негізгі
модельдерінің бірі болып табылады. Осы мақалада тұрақтылық гендерінің негізгі
класстары, РНҚ-интерференция мен бактериялар мен архейлердің РНҚ-жанамаланған
адаптивті иммундық жүйесі - CRISPR/Cas қарастырылған. Соңғы зерттеулер
өсімдіктердегі антивирустық тұрақтылықты иемденуде CRISPR/Cas жүйесінің
маңызды рөлін көрсетуде.
Осы мақалада вирус-өсімдік әрекеттесуін реттеуінде практикалық қолданысты
мүмкін ететін өсімдіктер биотехнологиясының соңғы жетістіктеріне назар
аударылған. |
ru |