Аннотации:
Мақалада теоремаларды дәлелдеу және есептерді шешу барысындағы талдау мен
синтезді қолдану және олардың маңызы көрсетілген. Теорема дәлелдемесін талдау және
синтез арқылы ашып көрсету теоремаларды жетік түсіндірудің маңызды факторларының
бірі болып табылады. Студенттердің жоғары әрі сапалы білім алуы үшін осы тақырып
бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, теорема дәлелдеудің өлшемдері қайта қаралды.
Осы мәселелерді шешу үшін мақсат қойылды. Зерттеудің мақсаты-математика, алгебра
және геометрия курсындағы теоремаларды дәлелдеуде талдау және синтез әдістерін
тиімді қолдану арқылы, студенттердің білім сапасын арттыру.